Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден: "Ауыл" партиясынан Мәжіліс депутаты болғандардың тізімі шықты

912

Мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және мүгедектер үшін 30 пайыздық квотаны сақтау талаптары сақталды.  

 Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден: "Ауыл" партиясынан Мәжіліс депутаты болғандардың тізімі шықты Фото: auyl.kz

27 наурызда "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі Төралқасының отырысы өтті. Онда 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша алынған сегіз депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осылайша, "Ауыл" ХДП Саяси кеңесі Президиумының бірауыздан шешімімен келесі құрам бекітілді:

  • Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДП төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы.
  • Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, Ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі.
  • Әбден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, "Қазақ қызы" ҚБ президенті (әйелдер квотасы бойынша).
  • Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары.
  • Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, "Ауыл" ХДП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Ш.Мұртаз атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті.
  • Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, "Ауыл" ХДПП төрағасының орынбасары.
  • Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, "СПК Астана" АҚ өндірістік директоры (жастар квотасы бойынша).
  • Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квота бойынша).

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижелер бойынша "Ауыл" ХДП 10,9% дауыс жинап, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 8 мандат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу