"Сайлау науқаны өз мәресіне жетті, алдын ала қорытындысы шықты, халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен, маған сенім білдіріп, дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен алғысымды айтамын!", – деді үміткер.
Ол саяси науқанда ұсынған бағдарламасы осы сайлаумен тоқтап қалмайтынын атап өтті. Сайлауалды құжатында көрсетілген бастамаларын бұдан кейін де жалғастыра беретініне сендірді.
"Халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді, маңдай терімді арнаймын. Содан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын! Ел игілігі үшін еңбек етеді деп кәміл сенемін! Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін!", – деді Дайрабаев.
Еске салсақ, 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы кезінде Еxit poll әдістемесі бойынша жүргізілген сауалнамалардың алғашқы қорытындылары мәлім болды.