Жигули Дайрабаев Су кеңесі құрамына кірді

329

Су кеңесіндегі кадрлық ауыс-түйісті Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

Жигули Дайрабаев Су кеңесі құрамына кірді Фото: Жигули Дайрабаев facebook.com

Үкімет жанындағы Су кеңесі құрамынан Су шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қауымдастығының президенті Нұрлан Атшабаров шығарылды. Оның орнына кеңеске Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 11 наурызында еліміздің су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Премьер-Министрдің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Су кеңесінің алғашқы отырысында Қырғыз Республикасымен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы 1954 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Агроөнерәсіптік кешен жоғары мектебін бітірген. Ол – Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешені комитетінің төрағасы, "Ауыл" ХДП төрағасының орынбасары.

2023 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу