Жиналған медициналық сақтандыру жарнасының 12,5 пайызы Астанаға тиесілі

808

Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана медициналық сақтандыру жарналары – аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды  облысы (8,2%).

Жиналған медициналық сақтандыру жарнасының 12,5 пайызы Астанаға тиесілі

Медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпаны  аралығындағы Астана қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 18,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Бұл республика бойынша түскен 149,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,5%-ын құрайды.

Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана медициналық сақтандыру жарналары – аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды  облысы (8,2%).

"Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытып келеді. Яғни медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 17,36 млрд теңге (93%) дәл осы жұмыс берушілерге тиесілі, қалған 1,30 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардан түскен жарналар",– дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу