ЖІӨ әлем бойынша төмендеуде

2310

Жаһандық экономикалық өсім соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткішке көрсетіп отыр. 

ЖІӨ әлем бойынша төмендеуде

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының есебінше, әлемдегі ЖІӨ өсімі биылғы жылы айтарлықтай қысқарып, 2,9 пайызды құрауы мүмкін.  

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоренс Бун: "Экономикалық өсімнің кемуі алаңдатуы тиіс. Егер де мемлекеттер сауда нарығындағы бұл жағдайға байланысты және инфрақұрылымда дамыту мақсатында ешқандай шара қолданбаса, өсімнің төмендеуі жалғаса бермек",– деді. 

Еуропалық орталық банк те Еуропа елдерінің көшбасшыларын тиісті әрекеттерге көшуге шақыруда. 
Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Еуропа елдерінің ЖІӨ 1,1 пайыз, ал 2020 жылы 1 пайыз болуы мүмкін. 

Егер Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан келісімге келе отырып шығатын болса, елдің ЖІӨ 1 пайызға өспек. Сарапшылардың пікірінше, Біріккен Корольдік одақтан келісімге келмей шыққан жағдайда, ЖІӨ 2 пайызға қысқарып, ел экономикасы рецессияға ұшырамақ. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу