ЖІӨ көлемі 23 млн теңгеден асты

544

2023 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі есептік деректер бойынша 23582637,0 млн теңгені құрады. 

ЖІӨ көлемі 23 млн теңгеден асты Фото: Kazgazeta.kz

2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында еңбек ақы төлеу 27,7% құраса, өндіріске және импортқа салынатын салықтар – 10,6% және негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа келеді – 61,7%, деп жазады inbusiness.kz stat.gov жариялынымдарына сілтеме жасап.

"Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымында ең көп үлесті көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (17,20%), білім беру (13,27%), өңдеу өнеркәсібі (11,54%) алады", - делінген хабарламада.

Ал еңбек ақы төлеу құрылымындағы ең аз үлесті үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі (0,17%), сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,52%), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (1,13%) құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу