Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 36,5%-ды құрады

413

ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2023 жылдың 9 айында 36,5%-ға жетті.  

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 36,5%-ды құрады Фото: Inbusiness.kz

1 ақпанындағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарының саны 2 186,2 мың кәсіпорынды құрады, деп жазады inbusiness.kz.

ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4,3 млн адам. Ал, ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 47,1 трлн теңгені құрады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпкерлік субъектілерінің (2447 бірлік) ТОП-10 сала:

  • Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 562 бірлік;
  • Өнеркәсіп – 478 бірлік, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 250 бірлік;
  • Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 275 бірлік;
  • Білім – 248;
  • Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 193 бірлік;
  • Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 129 бірлік;
  • Құрылыс – 124 бірлік;
  • Көлік және қоймалау – 94 бірлік;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 74 бірлік;
  • Қаржылық және сақтандыру қызметі – 52 бірлік.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған орта кәсіпкерлік субъектілерінің (2947 бірлік) ТОП-10 саласы:

  • Өнеркәсіп – 698 бірлік, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 518 бірлік;
  • Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 466 бірлік;
  • Құрылыс – 333 бірлік;
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 257 бірлік;
  • Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 255 бірлік;
  • Көлік және қоймалау – 194 бірлік;
  • Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 185 бірлік;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 135 бірлік;
  • Білім – 104 бірлік;
  • Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 80 бірлік.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (2 017 089 бірлік) ТОП-10 саласы:

  • Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 719 902 бірлік;
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 302 740 бірлік;
  • Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну – 303 402 бірлік;
  • Өнеркәсіп қызметтердің басқа түрлерін ұсыну – 119 601 бірлік, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 109 135 бірлік;
  • Құрылыс – 99 806 бірлік;
  • Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 98 779 бірлік;
  • Көлік және қоймалау – 98 730 бірлік;
  • Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 55 676 бірлік;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 55 634 бірлік;
  • Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 49 683 бірлік.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу