Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаты Владимир Жириновский Қазақстанға қатысты тағы да шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлады
inbusiness.kz порталы.
Саясаткер Павлодар билігінің 30 көше атын ауыстыру туралы бастамасына қарсы. Ол Қазақстан өз қаласын салып, қалаған атауын берсін деп мәлімдеді.
"Қазақстан, Павлодар қаласы. 30 көшенің атын ауыстырып, орыс атауларын қазақшалмақ. Сендер өздеріңнің қазақша қалаларыңды тұғызыңдар, сосын қазақша ат беріңдер, бөтенді ауыстырудың керегі не? Петр I кезінде тұз өндірушілерді қорғау үшін форпост қойылған. Ол жерде ешқандай мемлекет болмаған, дала, әр жерде көшпенділер… 300 жыл бұрын сендер қайда болдыңдар, Қазақстан. Сендер болған жоқсыңдар. Жоңғар тайпалары болды, бірақ Жоңғария болған жоқ. Бәрінің атын ауыстырып, өзгертіп жатыр. Адамзат бәрін ұмытып, бәрі қазақтарға қалады деп ойлайды. Ешкім ештемені ұмытпайды. Орыс әлемі, орыс кеңістігі өз шекарасын қалпына келтіріп, тәртіп орнатады", деп мәлімдеді ресейлік саясатер.
Айта кетейік, сәуірде бірқатар БАҚ Павлодарда 30 көшенің аты ауыстыру жоспарланғаны туралы хабарлаған еді. Ал Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы мәлімдеме жасау кейбір ресейлік саясатерлердің сүйікті тақырыбы. Соңғы рет ҚР СІМ Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне байланысты РФ уақытша сенімді өкілі Александр Комаровқа қарсылық нотасын тапсырған еді.