Жітіқарада банктен ұрланған ақша қайтарылды

766

Банк қызметкері ақша ұрлап, Ресейге қашып кеткен.

Жітіқарада банктен ұрланған ақша қайтарылды

Жітіқарада 2020 жылдың 5 желтоқсан күні банк бөлімшесінің басшысы Шалбаев М.М. 136 000 евро мен 34 000 теңге ұрлап, Ресейге қашып кеткен. Еуразиялық банктің баспасөз қызметі аталған соманың Қостанай қаласына жеткізіліп, банкке қайтарылғанын хабарлады.

"5 желтоқсанда Жітіқара және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 4-бөлігі 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға ету" бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Челябинск қаласына барды, сол жерде оларға Шалбаев ұрлаған ақша берілді. Содан кейін Интерпол қызметкерлерінің көмегімен қаражат Қостанайға жеткізіліп, Еуразиялық банктің филиалына қайтарылды",– деп жазылған хабарламада.

Жақын уақытта айыпталушы М.М. Шалбаевтың ісі сотқа жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу