Жітіқарада тағы 4 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

655

Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша вирусты жұқтырғандармен байланыста болған.

Жітіқарада тағы 4 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Індетті жұқтырғандар – 1968 және 1990 жылғы екі ер азамат және 1962 және 1989 жылғы екі әйел адам. Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша вирусты жұқтырғандармен байланыста болған.

ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы расталды.

Барлық жағдайда да қатынасқан адамдар ортасы анықталуда, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жасалып жатыр.

Қостанай облысында осымен коронавирус жұқтырғандар саны 25 адамға жетті, сондай-ақ бір адам індеттен айығып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу