Жиын-терін маусымы 94,9%-ға ақталды

1154

Жиналған бидай көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмен.

Жиын-терін маусымы 94,9%-ға ақталды

Ведомства таратқан жедел мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 14,5 млн гектардан 17,484 млн тонна астық жиналған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға (20,813 млн тонна) төмен.

Жиналған астықтың орташа көлемі бір гектарға шаққанда 12,1 центнер. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 14,3 центнер болатын.

Астық ең көп жиналған өңір – Қызылорда облысы. Мұнда орта есеппен бір гектардан 53 центнер егін орылған. Екінші орында Алматы облысы. Жетісу өңірінде орта есеппен бір гектардан 26,8 центнер астық алынған.

Ал ең төменгі көрсеткіштер Қостанай ( бір гектардан 7,2 центнер) және Ақтөбе облыстарында ( бір гектардан 8,3 центнер)  тіркелген.

Қазіргі кезде жиын терін науқаны Түркістан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аяқталды.

"Егер ауа райы қолайлы болса астық жинау науқанын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспалануда",– деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Жалпы биыл көктемде 15,2 млн гектар аумаққа астық себілген болатын. Сондай-ақ, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жоспарлағаннан аз болады деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу