"Жиынға еркін кіргізу керек" – мемлекеттік органдардың халықпен кездесуі туралы

581

Мемлекеттік органдар кездесулердің әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляцияларын және журналистерге арналған брифингтерді әрдайым өткізбейді.

"Жиынға еркін кіргізу керек" – мемлекеттік органдардың халықпен кездесуі туралы

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асар Омаров үкімет отырысында баяндады. Оның баяндамасының тақырыбы мемлекеттік органдардың халықпен кездесулеріне арналды, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен бірге үкімет басшысы Әлихан Смайылов "ескі үрлеуден" шыға алмай отырған әкімдер бар екенін айтты.

"Сонымен қатар кейбір өңірлерде кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғандар да бар. Кездесулерге еркін кіру принципі сақталуы керек. Мемлекет басшысы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек. Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады. Тек осындай кездесулердің қорытындысы бойынша ғана халықтың тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Бұлардың бірде-біреуі қараусыз қалмауы тиіс", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу