Жиырма күнде 1 млн-ға жуық палестиналық Рафахтан кетті

234

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлім етті. 

Жиырма күнде 1 млн-ға жуық палестиналық Рафахтан кетті Фото: euronews

Соңғы үш аптада Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтан 1 млн-ға жуық палестиналық кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің әлеуметтік желіге жарияланған хабарламасында айтылған.

"Барар жері жоқ палестиналықтар эксклавта қауіпсіз орын болмағандықтан Израильдің толассыз жасалып жатқан шабуылдарынан баспана іздеуге мәжбүр. Оның үстіне, күн артқан сайын азық-түлік пен ауызсу жеткіліксіздігі үдеп барады. Газа секторындағы палестиналықтарға көмек көрсету мен қорған болу мүмкін болмай бара жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 мамырда Израиль әскері эксклавтың Мысырмен шекарадағы"Рафах" бақылау-өткізу пунктінің палестиналық бөлігіне бақылау орнататынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу