Жиырма мыңнан астам студент қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды

1031

Жиырма мыңнан астам студент қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды

Жиырма мыңнан астам павлодарлық студент қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығына ие болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Студенттердің бірқатар тобы жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте жолақы төлемейтін болады. Облыс орталығының әкімі Нұржан Әшімбетов пен "Павлодар облысының көлік тасымалдаушыларының одағы" ассоциациясының президенті Василий Рудаков тиісті шартқа қол қойды.
Облыстық әкімдікте қол қойылған меморандумға сәйкес орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде, ЖОО-да күндізгі бөлімде  оқитын студенттердің төрт тобы автобустар мен травайларда тегін жүретін болады. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балалар, жетімдер мен І, ІІ топтағы мүгедек студенттер. Колледждер, орта-арнаулы оқу орындары, институттар мен униерситеттерде білім алатын басқа студенттер студенттік жол жүру билетін сатып алу арқылы қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүру құқығына ие болады. Қарапайым жол жүру билетінің құны 8800 теңге болса, студенттерге арналған билеттің құны 4400 теңгені құрайтын болады.
Шенеуніктер мен тасымалдаушылар қол қойған құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Павлодар қаласының білім ордаларында оқитын 20 мыңнан астам студент қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретін болады. Аймақ басшысы Екібастұз және Ақсу қалаларында да студенттердің жеңілдікпен жүру  мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу