Жиырма жыл бойы жарыққа жарымаған жұрт шу шығарды

241

Жарық жүйесі 1954 жылы салынған.

Жиырма жыл бойы жарыққа жарымаған жұрт шу шығарды Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды облысының Ақбастау ауылы тұрғындары 21 жылдан бері жарыққа жарымай отыр. Аталған мәселені жергілікті билік те біледі. Бірақ, "монополистер алдында шарасызбыз" деп қол қусырып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Саят Байқатовтың таңмен алысатыны генератор. Себебі, жарықтың кездейсоқ уақытта сөніп қалатынын біледі. Ал оны сатып алуға көбінің жағдайы келмейді дейді ол. Алайда, пеш пен судың өзі жарыққа байланып тұрған соң, халық генератор сатып алуға мәжбүр. Деседе, оның да машаһаты аз емес.

"Бұл жарықтың ауылда жиі сөнуінен бүкіл халықтың 70 пайызы осындай генератор алуға мәжбүр болып тұрмыз. Ауылға көп шығын. Ол бензин де, қазір бізде жанармай бекеті де жоқ бензин сатып алатын. Оны қаладан алуымыз керек. Бір күн жаққан бензиніңіз ертеңге жетпей қалады", - дейді Ақбастау ауылының тұрғыны Саяхат Байқатов.

Ақбастау ауылының 600-ден астам тұрғынының көретін күні осы. Тоқ көзінің тұрақсыздығынан тіпті техникалар да жиі істен шығып жатыр. Ал, жел тұрса, немесе сымдардың бойына қырау қатса болды, жұрт тәуліктеп жарықсыз отырады.

"Мен осы Ақбастауда 21 жыл тұрамын. Осы 21 жылдың ішінде бұл мәселеле шешімін таппай келе жатыр. Свет сөнді байланыс жоқ. Жылу жоқ. Карэнергияға жылда айтылады. Жылда хат жолданады әкімшілік арқылы. Істейміз, жоспарда бар дейді. Бірақ істемейді", - дейді Ақбастау ауылының тұрғыны Аспандияр Сейсенов.

Ал ауыл әкімінің айтуынша, жарық жүйесі 1954 жылы салыныпты. Содан бері толық жөндеу көрмеген желілер мен бағандар 60 пайызға тозған. Жеке меншік өкілдері жүйені "жөндейміз" деп, уәдемен тойдырады екен.

"КРЭК ЖШС-не жазамыз. Ол кісілер жылдың басында инвестициялық жобаға байланысты жоспар құрады. Жөндеу жөнінде.  Дегенімен ешқандай жұмыс болмағандықтан, біз қыркүйек айында, қазан айында қайта шығамыз. Ол кісілер осындайда осылай бізде қаражат болмауы себепті біз биыл жаңағыдай жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз дейді. Міне осымен үш жыл өтті", - дейді Ақбастау ауылының әкімі Рымбек Тұяқбаев.

 

Жарық мәселесі бойынша, "Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы"  басшысына хабарластық. Ол өз кезегінде ауыл ішіндегі сымдар мен 4 қосалқы бекетті жөндеу жоспары бар дегенді алға тартты.

"Қазір біз ауыл ішіндегі линияны жөндемей жаңағы 4 КПП- ні жөндемей соған арналған ақшаны біз әс жүзінде 35 киливаттық линияға бұруымызға болады. Оның бәрін біз мемлекеттік органдармен келістіруіміз керек. Жөндеу жұмыстары бізде сәуір, мамыр айында басталады. Соған дейін біз анализ жасап егер мемлекеттік органдар рұқсат берсе біз ақшаны соған бұруға тырысамыз", - дейді  "Қарағанды аймақтық энергетикалық компания" ЖШС-ның басшысы Нұржан Ежебаев.

Жылдар бойы беріліп келе жатқан монполистің мұндай жауабына жұрттың сенгісі жоқ. Деседе, жарық мәсселесі биылдан қалмай шешілмесе, ауыл тарқауы мүмкін дейді жұрт. Себебі, елдімекенде медбике, мұғалім, тіпті автобус жүргізушілері тұрақтамайды екен. Айта кетейік, жарық проблемасы облысымызда өткір мәселелердің бірі. Облыс басшысының мәліметінше, өңіріміздегі 18 мың электр желісінің 70 пайызы тозған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу