Қазақстанның 14 облысында 21 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
21-22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Астанада 21 қарашада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 21 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 21 қарашада түнде көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 21 қарашада көктайғақ болады деп күтіледі.