ШҚО-да жоғалған адамды іздеуге көмектесетін еріктілер тобы жасақталып жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Біз жоғалған адамдарды іздеуде полицияны немесе басқа да қызметтерді алмастыра алмайтын шығармыз, бірақ біз интернетте ақпарат тарату, іздестіру парақшаларын желімдеу, жоғалған адам адасып қалған жағдайда орманды қарап шығу, жертөлелер мен шатырларды қарау сынды ұсақ-түйек, бірақ маңызы бар жұмыстарды істей аламыз", – дейді еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Евгения Павел.
Оның айтуына қарағанда кім қандай жұмыс істейтінін өзі таңдайды. Қолынан келген көмегін көрсетуге дайын ұл-қыздарды күтеміз дейді олар.