Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz
Бұған дейін Қызылорда облысында 3 ер адамның жоғалып кеткені хабарланды.
Құтқарушылар 21-22 мамыр күндері "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-171 тікұшағымен іздестіру-құтқару шарасын жүзеге асырды. Бұл іске Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары жұмылдырылды. Нәтижесінде жоғалған 3 ер адам аман-сау қалпында Ақадыр ауылынан 200 шақырым жерден табылды.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу