/img/1920х100.png
/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 403,19 Brent 36,55
Жоғалған бір жасар баланың денесі табылды

Жоғалған бір жасар баланың денесі табылды

Баланың жоғалғанына 4 күн болған еді.

20 Тамыз 2019 11:53 380

Жоғалған бір жасар баланың денесі табылды

Төрт күн бойы іздеуде болған бір жасар Әлиханның денесі табылды. Бала үйінің маңындағы құдыққа құлап кеткен екен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еске сала кетсек, бала үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен із-түссіз жоғалып кеткен. Средигорное ауылында құтқарушылар тобы, полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ, еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Олар ауыл аумағындағы шұңқырларды, жерқоймаларды, өзен жағалауын шарлап шықты.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүлдіршіннің денесі бүгін өз үйінің маңындағы құдықтан табылыпты. Баланың денесі құдықтың түбінде тұнып қалған лай қабатының астында жатқан екен.

«20 тамыз күні полиция қызметкерлері үйдің маңындағы құдықты қайта тексерген. Суды сорып алып, түбін лайдан тазарту барысында Әлихан Талғатовтың денесі табылды. Қазір ПД жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеруде. Комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалып, баланың мүрдесі Сот сараптама орталығына жіберілді», – деп хабарланады ШҚО полиция департаментінен.

Тегтер:

іздеу құдық

Алматы облысында жоғалған қыздар табылды

Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. 

23 Қаңтар 2020 09:41 407

Алматы облысында жоғалған қыздар табылды

Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып ата-анасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр.

Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Олар апалы-сіңілі Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді.

Іздеуде болған қазақстандық Калининградта ұсталды

Ер адам 2016 жылдан бері іздеуде болған. 

12 Қараша 2019 11:09 270

Іздеуде болған қазақстандық Калининградта  ұсталды

Ресейдің Калининград облысында экономикалық қылмыс жасағаны үшін бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады сейсенбі күні Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Ер адам 2016 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамды биылғы жылдың 25 қазан күні Калининградта Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Қазақстанның қаржылық бақылау комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірлесе отырып ұстады. Ресейде құрықталған адам жалған құжаттармен өмір сүрген, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан азаматы экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар (салық төлеуден жалтару және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, ұйымдасқан топ құру, басқару, қылмыстық ұйым құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу) жасағаны үшін тергеуден жасырынған.
«Бұл адамның қылмыстық әрекеттері мемлекетке 2 миллиардтан астам теңге көлемінде залал келтірді», – делінген хабарламада.

Ұсталған адам Ресейдің сот органдарының шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға депортацияланды.