"Жоғалған сәлемдемелерді арзан бағаға сатып жатыр": Қазпошта мәлімдеме жасады

210

Әлеуметтік желіде "Қазпошта жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатады" деген жалған хабарламалар тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жоғалған сәлемдемелерді арзан бағаға сатып жатыр": Қазпошта мәлімдеме жасады Фото: Әлеуметтік желіден

Осы ақпаратқа қатысты Қазпошта АҚ мәлімдеме жасады.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер және жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, – деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кету керек, Қазпошта мекенжайы дұрыс көрсетілмеген сәлемдемені жіберушіге кері қайтарады.

– Егер осындай хабарламаларды көрсеңіз немесе күмәнді сілтемелермен бетпе-бет келсеңіз, дереу біздің ресми байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 1499. Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды! – деп ескертті ұлттық компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу