Жоғалған Титан батискафын іздеуге қанша қаражат жұмсалды

514

Іздеу-құтқару операциясына канадалық P-3 Aurorа ұшағы қатысты.

Жоғалған Титан батискафын іздеуге қанша қаражат жұмсалды Фото: ВВС

Канадалық Aurorа ұшағының Атлант мұхитында жоғалып кеткен Титан батискафын іздеуге қатысуы 3 миллион долларға жуық қаражатқа бағаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Прайм"-ға сілтеме жасап.

"Канада Ұлттық Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, Aurorа ұшағын пайдалану сағатына 29 662 доллар тұрады. 82,5 сағаттық ұшу тіркелген, осылайша жалпы құны 2,4 миллион доллардан асады. Қолданылған 341 гидроакустикалық қалқымалы бірлік үшін 1,3 мың доллардан асуы мүмкін... бұл Aurorа ұшағының операцияға қатысуы салық төлеушілерге 3 миллион долларға жуық шығын әкелгенін білдіруі мүмкін", - делінген CTV арнасы Ұлттық Қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.  

Канада Қорғаныс министрлігінің өкілі, телеарнаға берген сұхбатында, сонымен қатар канадалық HMCS Glace Bay флотының кемесі 22 маусымда 6-7 сағат бойы іздеу операциясына қатысқанын, оның жұмысының құны күніне 47 мың долларды құрайтынын атап өтті. Іздеу-құтқару жөніндегі сарапшы Грэм Ньюболд арнаға Канада Қорғаныс министрлігінің өкілі атаған сандар туралы түсініктеме беріп, құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде басымдық адам өмірін сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін айтты.  

"Операцияны жүргізу үшін кімнің қаржылық жауапкершілікке тартылатынын анықтауға емес, қауіп төнген адамдарды құтқаруға баса назар аударылады", — деді сарапшы.

Бұл ретте, айта кетерлігі, іздеу операциясына қатысқан Канаданың Жағалау күзеті жұмсалған қаражат мөлшері туралы есеп бермейді және операцияға қатысқаны үшін ақшалай өтемақы сұрамаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу