Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 58 жастағы қала тұрғыны 5 ақпан күні 22:41 шамасында 102 арнасына хабарласып, арызданған. Қала тұрғынының айтуынша, ұлы сағат 18:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жоғалған жасөспірімді табуға Ақсай ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде, 13 жастағы жасөспірім таңғы 08:00 шамасында қала шетіндегі көпқабатты үйлердің бірінен табылып, ата-анасына табысталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу