Жоғалып кеткен Ресей азаматы Павлодардан табылды

910

Жоғалып кеткен Ресей азаматы Павлодар қаласынан табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалып кеткен Ресей азаматы Павлодардан табылды

2021 жылдың 28 қаңтарда қаладағы қонақ үйлердің бірінің әкімшісі полициядан көмек сұраған.

"Әйел Ресей азаматы 26 қаңтарда қонақ үйге келгенін, кейін жоғалып кеткенін айтқан. Ол телефон қоңырауына жауап бермеген", - деп жазылған Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факт бойынша барлық полиция бөлімшесіне тиісті ақпарат жіберілген. 

"Тәртіп сақшылары ер адам іздеуге кірісті. Олар ер адам 2020 жылдың 18 желтоқсанында Ресей Федерациясының Тула облысынан Павлодар қаласына келгенін анықтады. Ол қайтыс болған анасының пәтерін сатпақ болған.

Ер адам желтоқсан айының соңында пәтерді сатып, ақшаны банкке салған", - дейді облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаров.

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ресей азаматының қайда екенін анықталған.

"Ер адам Павлодардағы облыстық психикалық денсаулық орталығынан табылды. Қазіргі таңда ол ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу