Жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды

1170

Биыл 2 наурызда ол "Андас батыр" заставасынан жоғалып кеткен.

Жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды

Жамбыл облысы ҰҚК Шекара қызметінде жауынгерлік борышын өтеп жүрген 18 жастағы Ұлықбек Бердішов Қырғызстанда асылған күйде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарбазды әскерилер, полиция қызметкерлері, көптеген туысы күні-түні іздеген. Бір айдан аса уақыт өтсе де, Ұлықбектің ата-анасы балалары тірі табылады деп үміттенген.

Алайда журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында Ұлықбек Бердішов Қырғызстаннан өлі табылғанын жазды.

"Биыл 1 наурызда Мерке ауданы "Андас батыр" әскери заставадан ізі-қайым жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердешовтың денесі бүгін Қырғызстаннан табылды. Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді", – деп жазды журналист.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу