Жоғарғы оқу орындары бақылаусыз қалмайды – Нұрлан Нығматулин

725

Мәжіліс  төрағасы оқу ордаларының білім сапасына тоқталды. 

Жоғарғы оқу орындары бақылаусыз қалмайды – Нұрлан Нығматулин

Білім беру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жоғарғы оқу орындарының білім сапасына тоқталды. Оның сөзінше 2021 жылдан бастап білім беру мекемелері дербес диплом беруге көшкенімен жауапты министрлік  бақылауынан тыс қалмайды. 

"Бұл сұрақты әлі де қарастыру қажет. Бұл салада барлық жаңалықтар дер кезінде қолға алынып отыр. Мәселен 2 жыл бұрын ғана Заң бойынша жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік берілді. Бұған қоса келесі жылдан бастап ЖОО-лар жеке диплом береді. Осының барлығы, оқу орындарының заманға сай, еркін, ашық және сапалы жұмыс істеуі үшін жасалып отыр. Осылайша оларға дербестік беріледі. Енді білім сапасына жауапкершілік ЖОО-лардың өздеріне жүктеледі. Шыны керек кей оқу ордаларының басшылары дербестікті басқаша қабылдайды. Бұл диплом таратумен шектелмейді. Әр ЖОО өз дипломын бағалауы керек. Сондықтан дербестік бақылаусыздық деген сөз емес. Бүгінде олар кәсіпкерлік субъектісі болғанымен Білім және ғылым министрлігінің бақылауында болады", – деген Мәжіліс төрағасы осы меселені келесі оқылымға дейін реттеуді тапсырды. 

"Қажет болған жағдайда заң жобасына өзгерістер енгізу керек. ЖОО-ға дербестік беріледі. Бірақ оқу бағдарламалары тікелей Білім және ғылым министрлігінің назарында болады", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу