Жоғарғы оқу орындарынан 11 есеп беру нысаны алынып тасталды

1033

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының басшыларымен жоғары білімнің сапасын арттыру мәселесін талқылады. 

Жоғарғы оқу орындарынан 11 есеп беру нысаны алынып тасталды

Басқосу барысында жоғары оқу орындарында қағазбастылықты азайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны жарияланды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Біз түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргіземіз. Сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткішке назар аударылатын болды. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру нормасы енгізілді", – деді жиында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның сөзінше, жоғарғы оқу орындары оқытушыларды қағазбастылықтан босатуға басымдық беріп жатыр. 

"Барлығын қосқанда 11 есеп беру нысаны алынып тасталды. Биыл университеттер алғаш рет өздерінің дипломдарын шығарады. Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін емтихан өткізіліп, тізілім құрылады. Оқыту тиімділігі көрсеткіштерінің бірі – жұмыспен қамту көрсеткіші. Елдегі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылудың жалпы деңгейі 70,2% құрайды", – деді Әділет Тойбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу