Жоғарғы сот бұрынғы АХАТ қызметкерлерінің құқығын қорғады

111

Ақтөбе қаласында Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде (АХАТ) еңбек еткен 4 адам жұмыстан босатылған кезде "Мемлекеттік қызмет туралы" заңда көзделген 4 айлық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы алмаған.  

Жоғарғы сот бұрынғы АХАТ қызметкерлерінің құқығын қорғады Фото: gov.kz

Өз құқықтарын қорғау үшін олар сотқа жүгінген, сондай-ақ моральдық зиянды өндіруді талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты Жоғары Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап АХАТ органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ-ның қарамағына беріліп, соған байланысты мемлекеттік мекеме таратылған.

Бірінші сатыда сот талап қоюшылардың пайдасына шешім шығарған. Алайда, апелляциялық алқа бұл шешімнің күшін жойған. Істі қараған Жоғарғы Сот мемлекеттік органдар таратылған жағдайда қызметкерлердің құқықтарының мүлтіксіз сақталуы және жұмыс берушінің еңбек заңнамасы нормаларын орындауға жауапкершілігі қажеттігін ерекше атап өтті.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляция қаулысын жойып, АХАТ таратылған кезде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шығарылған сот шешімін күшінде қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу