Жоғарғы сот депутат Тұрлыхановтың ұлына жаңа жаза тағайындады

667

Зардап шеккен адвокаттардың хабарлауынша, жас жігіт екі жыл пробациялық бақылауда болады.

Жоғарғы сот депутат Тұрлыхановтың ұлына жаңа жаза тағайындады Фото: el.kz

Қазақстанның Жоғарғы соты депутат Тұрлыхановтың ұлына қатысты жазаны қарады - айыппұл бас бостандығын шектеуге ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімімен:

500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.

Апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Н.Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.

Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Н.Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті", - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу