Жоғарғы Сот кеңесі алматылық судья Светлана Жолманованы қызметінен босатты

502

Жоғарғы Сот Кеңесі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғарғы Сот кеңесі алматылық судья Светлана Жолманованы қызметінен босатты Фото: politic.kz

"Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Жолмановаға қатысты судьяның сот істері бойынша тараптардың өкілдерімен процестік емес байланыс жасауына байланысты судьялық әдепке қайшы қылық жасау фактісі бойынша тәртіптік істі қарады. Сот жюриі судья Жолмановаға лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады", – делінген кеңестің хабарламасында.

Бұл шешім заңды күшіне енген жоқ, Светлана Жолманова оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуірінде әлеуметтік желіде Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Светлана Жолманованың кабинетін тінту кезінде миллиондаған доллар табылғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен Алматы қалалық соты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство судьяның кабинетінен 10 мың доллар табылғанын, үйінен ештеңе табылмағанын хабарлады. Кейінірек судья баспасөз мәслихатында өзіне тағылған айыптың негізсіз екенін айтты. Ол тәркіленген 10 000 АҚШ доллары ипотекаға пәтер алам жинаған өзінің ақшасы екенін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу