Жоғарғы сот криптовалюта майнингі туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

269

Ведомство өкілдері тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Жоғарғы сот криптовалюта майнингі туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді Фото: freepik.com

ҚР Жоғарғы соты "Сот кабинеті" сот органының серверіндегі криптовалюта "майнингі" туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Анонимді телеграм-арнада "Сот кабинеті" сот органының қызметіне байланысты серверде криптовалюта "майнингі" туралы жалған ақпарат жарияланған. Осыған орай, "Сот кабинеті" сервисінің серверлері "ҰАТ" АҚ-да орналасқанын, серверлерге тікелей қатысы жоқтығын, қолжетімділік тек қашықтан қосылу арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз", - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар жарияланымда көрсетілген 195.12.114.3 сыртқы мекенжайы бар сервердің сервер-прокси екені, оған Сот кабинеті орналастырылмағаны айтылды.

"Сот кабинетінің" 192.*.*.5 негізгі серверінде интернетке тікелей кіру мүмкіндігі жоқ және сәйкесінше, оған “майнинг” физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Түнгі уақытта сервер жұмысының бәсеңдеуі "Ақпараттандыру туралы" Заңның талаптарына сәйкес жүргізілетін деректердің сақталуы және жоғалуының алдын алу мақсатында деректердің сақтық көшірмесін жасауға байланысты. Бұл операциялар жүйенің өзіне жүктемені айтарлықтай арттырады", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу