Жоғарғы сот мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды

1308

Бұл туралы құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы сот мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды Фото: kaztag.kz

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке тек формамен келу керектігін айтқан. Осыдан кейін бір топ құқық қорғаушы осы шектеудің заңсыз екенін дәлелдеуге кірісті.

"Жоғарғы сот мұндай шектеулер балалардың білім алу құқығын бұзады деген шешім шығарды", деп жазды адвокат Жаслан Айтмағанбетов өзінің парақшасында.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Шешім қабылданды. Қаулы 10 жұмыс күні ішінде шығарылады", – деді баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу