Жоғарғы Сот судьясы тұтқындалды

1220

Сот 2 айға санкция берген.

Жоғарғы Сот судьясы тұтқындалды

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты Жоғарғы Сот судьясын тұтқындауға санкция берді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хабарламада 11 ақпан күні Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен шарасы кезінде пара алғаны үшін судья Ж.ұсталғаны туралы жазылған. Сот берген санкция бойынша қамауда ұстау мерзімі – 2 ай. 

Бұған дейін Жоғарғы Соттың судьясы Мейрам Жанғұттиновтың Түркістан облысындағы аудандық сот судьясын басқа қызметке ауыстыру үшін ірі көлемде пара алғаны хабарланған еді. 

Президент мұны "төзуге болмайтын жағдай" деп бағалаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу