Жоғарғы сот төрағасы әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарына жауап берді

2019

Жоғарғы сот төрағасы әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарына жауап берді

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов соттарда цифрлық технологияларды енгізу кезіндегі қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен жылы мақсатты қаржыландыру қажетті деңгейде жүзеге асырылмады. Жиналғандардың барлығы, негізінен, жалақының есебінен үнемдеу болды, ешқандай сыйлықақы берілмеді, өйткені біз бұл ақшаны осы мәселелерді шешу үшін жіберіп жатырмыз", - деді Жоғарғы соттың басшысы соттарды цифрландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұл тәсілден ең алдымен соттарға онлайн режімінде құжаттарды жіберуге үйренгендер зардап шегеді. Көбінесе олар сервистік дұрыс жұмыс істемеуіне тап болуда. "Олар әлеуметтік желілерде үнемі осы туралы жазуда, бұл жадының жетіспеуі, байланыс арналарының жеткіліксіздігі және тағы басқа себептерден туындап жатыр. 2018-2021 жылдар аралығында Жоғарғы сот департаменті тарапынан "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында 2,8 млрд теңге сұратылды. Бұл мәселе әзірге шешілген жоқ", - деп түсіндірді Жақып Асанов. Оның айтуынша, жаңа технологияларды енгізуге адамдардың өздері кедергі келтіруде.

"Біздің құқық қолданушыларымыз цифрлық технологиялардың мүмкіндігін елемей жатыр", - деді ҚР ЖС төрағасы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу