Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Президентке есеп берді

178

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Президентке есеп берді Фото: Ақорда

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асламбек Мерғалиев сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді.

  • сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады;
  • азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты;

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу