Жоғарғы Соттың 2 судьясы қызметінен босатылды

260

Сот жүйесінде мол тәжірибесі бар судьялар зейнет жасына жеткен.  

Жоғарғы Соттың 2 судьясы қызметінен босатылды Фото: jurist-kaz.kz

Сенаттың пленарлы отырысында Жоғарғы Соттың екі судьясын қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураларды талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1 тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңының 22-бабына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңының 34-бабы 1 тармағының 1 тармақшасына, 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, комитет Парламент Сенатына Әбрашид Төлегенұлы Жүкеновті, Зәуре Балғазықызы Кикібасованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының қызметінен босатуды ұсынады", - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу