Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметінен босатылды

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ұсынысын депутаттар мақұлдады. 

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметінен босатылды Фото: sud.gov.kz

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың 4 судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Жоғарғы сотының судьясы Ербол Исмаиловты, Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы, Айгүл Сапарованы қызметінен босату туралы ұсыныс Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түсті.

Жоғарғы сот кенесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына толған. Ал Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетті. 

"Бұлардың бәрінің судьялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар – 26 жылдан 40 жылға дейін өтілі бар. Судья Е.Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалған", - деді Денис Шипп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу