Жоғарғы соттың 7 судьясы сотталды

877

Бюджетке 22,7 млрд теңге қайтарылды. 

Жоғарғы соттың 7 судьясы сотталды

2019 жылы жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың тең жартысы парақорлықпен байланысты болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. 

Оның сөзінше, өткен жылы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша 1717 қылмыс әшкереленіп, 1002 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Салдарынан елімізге 24,6 млрд теңге шығын келді. Іс барысында шығынның 22,7 млрд теңгесі қайтарылды. 

"Квазимемлекеттік секторда 324 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталып, 160 лауазымды тұлға тиісті жазасын алды. Заңға қайшы келген құқық қорғау органдарының 237 қызметкері тезге салынды. Олардың 163-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жоғарғы соттың 7 судьясы сотталды. Төрт судьяға қатысты тергеу жүріп жатыр", – деді Алик Шпекбаев

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу