Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

747

Алматы қалалық соты мен Атырау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды. 

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Жұмағұловты, Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным енгізді. Президенттің жарлығымен жуырда Асқар Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне, ал Бауыржан Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды", – деді Талғат Донақов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу