Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Олар басқа қызметке тағайындалды.  

Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды Фото: khabar24.kz

Сенат отырысында Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылады", – деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Осы орайда Парламент Сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата депутаттары аталған ұсынымды қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу