Жоғарғы соттың жалпы отырысының жаңа хатшысы сайланды

925

Жоғарғы соттың жалпы отырысының жаңа хатшысы сайланды

Бүгін еліміздің жоғары сот органының жалпы отырысы өтті. Жалпы отырыстың қазіргі хатшысы, Жоғарғы соттың судьясы Қ.Шаухаров хатшы қызметінен босату туралы өтініш берді. Қайрат Мәми жалпы отырыстың жаңа хатшысы лауазымына Жоғарғы соттың судьясы Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызының кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды sud.gov.kz.
Кандидатты таныстыра келе, Жоғарғы сот төрағасы: "Жоғарғы соттың барлық судьяларының процестік құжаттарды дайындау сапасына үнемі мән беріп отырамын. Гүлжан Жақсылыққызы сот актілерін жоғары деңгейде әзірлейді. Оның тәжірибесі мен жұмыс өтілі мол, Жоғарғы соттың екі алқасында жұмыс істеп, өзінің белсенді еңбек қабілеттілігімен ерекшеленді", - деді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Гүлжан Әлмағамбетованың кандидатурасына қолдау көрсетілді. Қайрат Мәми жаңа хатшыны құттықтап, оған табысты қызмет етуіне тілектестік білдіріп, таяу болашақта орындалуы тиіс басым міндеттерді белгілеп берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу