Жоғарғы соттың жұмыс тәртібі өзгерді

1144

Мұндай шаралар әлемнің көптеген елдерінде қолданылуда.  

Жоғарғы соттың жұмыс тәртібі өзгерді

Жоғарғы Сот COVID-19 жаңа коронавирусының таралуына байланысты бірқатар шараларды қабылдады, деп хабарлайды Соттың баспасөз қызметі.

1. Процестік мерзімдері бар сот істерін қарау кейінге шегерілді (соның ішінде тоқтата тұру, кейінге қалдыру, мерзімдерін ұзарту және т.б.).

2. Сот процестерін ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан жүргізу ұсынылады (бейнебайланыс, соның ішінде "TrueConf" мобильді қосымшасы арқылы).

3. Рұқсат етудің қысқартылған мерзімдеріне (тергеу соттары, жеделдетілген бұйрықтық, келісілген іс жүргізудегі және т.б. істер) байланысты қылмыстық істер мен материалдарды, үкімдерді орындау тәртібіндегі, сондай-ақ адамдарды ұстаумен немесе қамаққа алумен байланысты істерді қарауды жоғарыда аталған ұсынымдарды ескере отырып, барынша оқшауланған және процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігі жағдайында жүзеге асыру ұсынылады.

4. Республиканың барлық соттарында азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады.

5. Соттарға Үкімет ұсынған, соның ішінде дене температурасын өлшеу, гигиеналық және зарарсыздандыру құралдарын қолдануды көздейтін алдын-алу шараларын қолдану қажеттігі ескертілді.

6. Семинарлар, конференциялар, жұмыс отырыстарын өткізу, сондай-ақ сот ғимараттарынан тыс жерлерде өтетін іс-шараларға судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуы тоқтатылады.

7. Тұрғындарға, атқарушы және құқық қорғау органдарына, адвокаттар қауымдастығы мен БАҚ өкілдеріне туындаған ахуалға түсіністік танытуды және өтініштерді/ істер мен материалдарды сотқа беруді неғұрлым кейінге шегеруді сұраймыз.

Жоғарғы сот аталған шектеулерді қабылдай отырып, адамның өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екендігін атап өтеді. Қабылданып отырған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған. Мұндай шаралар әлемнің көптеген елдерінде қолданылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу