Жоғары аудиторлық палата қайырымдылық қорларының жұмысын әзірге тексере алмайды

191

Аудиторлар бізде мұндай құзырет жоқ деп отыр. 

Жоғары аудиторлық палата қайырымдылық қорларының жұмысын әзірге тексере алмайды Фото: shutterstock.com

Жоғары аудиторлық палата бюджеттік емес қорларды тексеру құзыретін сұрап отыр. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жоғары аудиторлық палатада қайырымдылық қорларын тексеру бойынша құзыреті жоқ. Палата мемлекеттік бюджеттік қаражатты, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік мекемелерде мемлекеттік активтерді пайдалануға сыртқы аудит жүргізеді. Сонымен қатар біз Мәжілісте қаралып жатқан жаңа Бюджет кодексі шеңберінде Жоғары аудиторлық палатаға бюджеттік емес қорларға аудит жүргізу бойынша құзырет беру туралы қосымша нормалар енгізуді ұсындық. Бұл мемлекеттің қатысуымен құрылған немесе мемлекеттің белгілі бір қызметі берілген қорларға қатысты. Сонда палатада бюджеттік емес қорларды тексеру мүмкіндігі пайда болады",  – деді Смайылов.

Журналистер "Қазақстан халқына" қоры оның тізімінде бар ма?" деп нақтылады.

"Қазақстан халқына" қоры бюджет қаражатына құрылған жоқ. Әзірге бізде бюджеттік емес қорларды тексеру құзыреті жоқ",  – деді Жоғары аудиторлық палата басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу