Жоғары аудиторлық палата министрліктердің даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын сынға алды

429

Мемлекеттік аудит органы бұл құжаттарда халықтың өмір сүру сапасының өзгеруіне байланысты түпкілікті көрсеткіштер жоқ екенін баса айтты.

Жоғары аудиторлық палата министрліктердің даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын сынға алды Фото: google.com

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрайымы Наталья Годунова министрліктердің даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын сынға алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ол бұл сынның әлеуметтік блокқа қатысы жоқ екенін айтты. 

"Жалпы ішкі өнімнің өсуі, триллиондар, тонна, мыңдаған километр. Ал осыдан адамның өмір сүруі жақсарды ма? Түсініксіз. Оны анықтау мүмкін емес. Себебі тапсырманың шарттары дұрыс айқындалмаған. Әрине, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын несие берудің нысаналы бағдарламалары, халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр, олардың барлығы нақты оң әсерге ие. Бірақ бұл қолдың күшімен басқарылып жатқан шаруа. Ал, бүкіл бюджеттік жүйе адамға бағдарланып, бейімделуі тиіс", - деді спикер Мәжіліс отырысында.

Жоғары аудиторлық палатасының Төрайымының сөзінше, бюджеттік ұйымдарды ғана емес, сонымен бірге экономика салаларын да қаржыландыру жаңа жұмыс орындары мен жалақыны көтеру сияқты мультипликативті әсер беруі тиіс. 

"Ал, бізде экономика салаларын қаржыландыру өсіп жатқанымен, халықтың жағдайы бұдан жақсарып кете қойған жоқ", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу