2022 жылдың төртінші тоқсанында елімізде жоғары білім беру саласында 176,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл 2021 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Оның ішінде 113,3 млрд теңгеге бюджет есебінен, 59,2 млрд теңгеге – халық есебінен (33,5%), 4,1 млрд теңгеге кәсіпорындар есебінен (2,3%)қызмет көрсетілді, деп жазады Inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе жоғары білім саласындағы қызметтердің айтарлықтай көлемі Алматыда көрсетілді: 37,5%.
Үштік қатарында Астану (47,5 млрд тг), Қарағанды облысы (10,1 млрд тг) бар.
Ұлытау(198,2 млн тг), Қызылорда (898,4 млн тг) және Жетісу (982,7 млн тг) облыстарында ең аз қызмет көрсетілді.
Өткен жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша сектордағы қызметтердің 90,6%-ы ірі бизнеске тиесілі: 159,9 млрд тг. Орташа кәсіпорындарға – 6,9 млрд тг, шағын кәсіпорындарға – 9,7 млрд тг тиесілі.
Меншік тұрғысынан алғанда сектордағы қызметтердің ең көп бөлігін мемлекеттік компаниялар көрсетті: 102,2 млрд тг. Шетелдік кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 1,6 есе, 1,5 млрд теңгеге дейін өсті. Ал, жеке компаниялар көрсеткен қызмет көлемі бір жылда 26,2%-ға дейін, 72,8 млрд теңгеге дейін азайды.
Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша жоғары білім құны бір жылда 18,1%-ға артты.
Сектордағы ең жоғары баға өсімі Атырау облысында тіркелді: бір жылда 53,8%-ға. Антилидерлер бестігінде Қостанай (36,9%), Түркістан (31,5%), Ақтөбе (27,2%) және Ұлытау (27%) облыстары бар. Ең аз баға өсімі Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында байқалды.