Жоғары білім беруде 279 млрд теңгеге қызмет көрсетілген

1419

Сектордағы қызметтердің үштен бірі Алматыға тиесілі.

Жоғары білім беруде 279 млрд теңгеге қызмет көрсетілген

2021 жылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі 278,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қаржының 36,5% Алматының үлесінде (101,8 млрд теңге), жылдық өсім – 13,5%. Үздік үштікке елорда (63,2 млрд теңге) және Шымкент (19,8 млрд теңге) енді.

Саладағы қызметтердің ең аз көлемі Маңғыстау облысында тіркелді (1,3 млрд теңге). Секторда көрсетілген қызметтердің негізгі көлемі ірі компанияларға тиесілі (245,9 млрд теңге), бір жылда 10,2%. Шағын бизнес – 16,4 млрд теңге (бір жылда минус 8,7%), орта бизнес – 16,6 млрд теңге (бір жылда плюс 17,3%). 

Меншік нысандары бойынша жоғары білім беру саласындағы қызметтердің басым бөлігін жеке кәсіпорындар көрсеткен (177 млрд теңге), бір жылда плюс 53,7%. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтері бір жылда 27,6%-ға азайып, 100,1 млрд теңге болды. Шетелдік кәсіпорындардың қызметтері 6,2%-ға қысқарды (1,8 млрд теңге).

Primeminister.kz сайтының дерегінше, биыл жоғары білім беру саласындағы грант саны 10%-ға өседі. Техникалық мамандықтарға гранттың үлесі 40%-дан 60%-ға артады, ауыл квотасы 35% болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу