Жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінді

141

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев хабарлады.

Жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінді Фото: ortcom_kz

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Оның ішінде, 8 мыңнан астам орта білім беру ұйымында 415 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша педагогтердің 85%-ы жоғары білімді, 9%-ы – жоғары білімнен кейінгі, 6%-ы – техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, педагогтердің саны мен сапалық құрамын арттыру, жас мамандарды тарту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

"Соңғы төрт жылда жоғары білімді педагог кадрларды даярлауға 65 мыңға жуық грант бөлінген. Педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы 58 мыңнан 84 мың теңгеге дейін көтерілді. Оған қоса, соңғы жылдары педагогика мамандығына "Алтын белгі" иегерлерінің көптеп түсуі байқалады. 2023 жылы – 1528, 2024 жылы – 1797, 2025 жылы 2080 "Алтын белгі" иегері педагогика мамандығын таңдаған. Бұл мұғалімдікке келуші жастардың сапалық құрамының артып келе жатқанын көрсетеді",  деді спикер баспасөз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу