Жоғары білімділер емес, техникалық білімі барлар сұраныста

197

2030 жылға дейін кадрларға сұраныс 1,8 млн адамды құрайды. 

Жоғары білімділер емес, техникалық білімі барлар сұраныста Фото: Образование

Оның 1 млн-ға жуығынан техникалық білім талап етіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында Кәсіби кадрларды даярлау  жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасады.

"Кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайды. Экономика салалары бөлігінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлердің ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 млн адамға жетті", – деді министр.

Дегенмен, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге сұраныс өзекті болып қала береді. Техникалық білімі бар жұмысшыларға күтіліп отырған сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70%).  2030 жылға дейін кадрларға сұраныс 1,8 млн адамды құрайды, оның 1 млн-ға жуығынан техникалық білім талап етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу