Жоғары білімім жоқ – Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша сөйлесіп жүрген күзетші

2329

Желіде Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзетшісі гид қызметін атқарып, шетелдік туристермен ағылшын тілінде емін-еркін сөйлескені түсірілген видео тарады.

Жоғары білімім жоқ – Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша сөйлесіп жүрген күзетші Фото: Stan.kz

Ол келушілерге киелі мекеннің тарихын шет тілде айтып берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әп сәтте желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленген күзетшінің өзімен Stan.kz тілшісі сөйлесіп көрді.

Шер Талғатбекұлы кесенеде күзет агенттігінде қызмет істейді екен. 

"Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне үш ай бұрын жұмысқа тұрдым. Бұған дейін құрылыс саласында жұмыс істедім. Көлік жүргізушісі де болдым. Ағылшын тілін өзім үйреніп жүрмін. Оны ағылшын тілінде "self-education" деп айтады. Ағылшын тілінде кітап оқып, барлық ақпаратты ағылшын тілінде қабылдау және адамдармен тілдесу арқылы осы тілді меңгеріп жүрмін. Кесенеде ауысыммен жұмыс істеймін. Туристер әр кезде әрқалай келеді. Бір күні 10 турист келсе, екінші күні 20 шақты турист қабылдаймыз", – дейді ол.

Күзетші келген туристер менің ұстазым дейді. Себебі солармен сөйлесу арқылы ағылшын тілін үйреніп жүр екен.

"Қазір кез келген ақпаратты ағылшын тілінде іздеп, оқи аламыз. Өзімнің бір ұл, бір қызым осындағы жоғары оқу орнында оқыған. Олар ағылшын тілінде сөйлеп қалады, сол кезде жауап бере алмай қаламын. Сол үшін оларға жауап беру үшін осы тілді меңгеріп жүрмін. Содан бері білімнің ішіне сүңгіп кеттім", – дейді ол.

Шер Талғатбекұлы кесене басшылығы гид болуға ұсыныс жасаса қарсылығым жоқ дейді.

"Туристер неге мұнда ағылшын тілінде керек ақпарат жоқ" дейді. Олар сонау құрлықтан, өзге елден келеді. Жолаушы мүсәпір дейді ғой қазақта. Сондықтан оларға көмек қолын созуға дайын тұрамын", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу