Жоғары бөліністі өнім өндіру үшін 10% деңгейіндегі несие мөлшерлемесі белгіленді

191

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі секторларында сараланған салық ставкаларына көшу қажеттігін атап өтті. 

Жоғары бөліністі өнім өндіру үшін 10% деңгейіндегі несие мөлшерлемесі белгіленді Фото: freepik

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, базалық мөлшерлеме 20% сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25% мөлшерінде жоғарылатылған мөлшерлеме белгіленеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Егер банктер экономиканың нақты секторына кредит берсе, онда мұндай кірістер бойынша 20% базалық мөлшерлеме қолданылатын болады. Жоғары бөліністі өнім өндіру үшін, сондай-ақ қаржы лизингі және әлеуметтік сала үшін 10% деңгейіндегі мөлшерлеме ұсынылады. Мөлшерлеме ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 3% деңгейінде сақталады", - деді спикер.

Шикізатты қайта өңдеу үшін де ҚҚС бойынша ынталандыру ұсынылатын болады. Қазақстанда өңделетін шикізат пен материалдардың импорты бойынша ҚҚС бойынша 1 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру ұсынылады.

"Ғылымға инвестициялар үшін қосымша ынталандыру ретінде 300% мөлшерінде ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға арналған шығыстар бойынша "супершегерімдер" ұсынылады", - деді А. Амрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу