Шымкент мұнай өңдеу зауытында құрылыс-монтаждық жұмыстардың ірі технологиялық нысандағы алғашқы кезеңінің механикалық аяқталуы туралы актқа қол қойылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.
Қондрығыны орнату октан ресурсы мен бензол көлемінің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Актқа қол қойылғаннан кейін іске қосу жұмысының кешені басталады. Реттеу жұмыстарын биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған.
Жаңғыртудың бірінші кезеңінде жылына 4 мың тонна күкірт шығаратын қондырғы салынып, іске қосылды.
Жобаны жүзеге асыру кезінде UOP (АҚШ) және CPE (ҚХР) әлемдік компанияларының қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу технологиялары қолданылды. Жобалаушы ретінде Technip (Италия) компаниясы және "Казгипронефтетранс" ЖШС (Қазақстан) компаниялары таңдалды.
Аталмыш жоба бойынша бас мердігер China Petroleum Engineering & Construction Corporation компаниясы, ол мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ірі инжиниринг және құрылыс компаниясы болып саналады.
Шымкент МӨЗ алғашқы кезеңінің аяқталуы бойынша тек жоғарыоктанды бензин мен дизельдік отынды К4, К5 санатында өндіре алады.
"Жоғары октанды бензинді өндіру зауытта жылына 460 мың тоннаға жетеді, дизельдік отын – жылына 226 мың тонна.